Жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Руслан Шәріпов бірінші жартыжылдықта атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыс жоспарларына кеңінен тоқталды. Жиында тестілеуден өту нәтижелері және конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына орналасу бойынша жасалынған жұмыстар туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, Руслан Шәмелұлы ауыл әкімдері лауазымдарына сайлауға қатысушыларға келісім беру, біліктілік талаптары мен функционалдық блоктар бойынша бөлу туралы штаттық кестелер мен өңірлік кадр резервіне іріктеу, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген бақылау нәтижелерін айтып өтті. Сөз соңында әдеп жөніндегі кеңес жұмысының нәтижелерін тілге тиек етіп, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу және сыйақылар беру барысында заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері, мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту бағытында қабылданған шаралар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы айтып, келер жартыжылдыққа дайындаған жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш баспасөз конференциясы тікелей эфирде көрсетіліп, көрермендер тақырыпқа сай сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Аяжан ОЛЖАБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі биыл қалай өтеді?
- 23 сәуір, 2026
Жаңажолдың жастары енді өз ауылында жаттығады
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




