Соғанды ауылында желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жеткен. Ағын су салдарынан «Соғанды-Бетқайнар» автожолындағы көпір бүлінген. Ауыл бойынша 15 тұрғын үй және қоражайлардың шатырлары ұшып кеткен. «Beeline» ұялы байланысының мұнарасы құлаған.
Табиғи сипаттағы қатты дауыл салдарынан аудандық орталық ауруханаға 3 азамат қайырылған болатын. 1 науқастың жағдайы ауыр, 2-і үйіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта Беріктас және Соғанды ауылдық округтерінің инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Беріктас ауылында өшірілген 219 абоненттің 209-ына газ берілді.
Қақпатас өзенінің арнасын ағаштардан тазалауға 30 адам жұмылдырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Беріктас ауылында 1 мамыр және С.Кеншімбай көшелерінде құлаған ағаштардан 6 аула тазартылып, электр желілерін қосу үшін 2 бригада (10 адам, 5 техника) жұмыс атқаруда (қосымша 1 бригада жіберіледі).
Соғанды ауылында 3 бригада (15 адам, 2 техника) электр желілерін қосу үшін жұмыс атқаруда. Аудандық «ҚазТрансГазАймақ» тарапынан жел салдарынан құлаған ағаштардан сынған газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдың трансформаторына, газ құбырына түскен ағаштар алынды. Объектілерді қалпына келтіру жұмыстары облыс, аудан әкімінің тікелей бақылауында.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді