«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұрғындардың мәселесі қараусыз қалмайды

Тұрғындардың мәселесі қараусыз қалмайды
Ашық дереккөз
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың талап- тілегі тасада қалмай, қордаланған қоғамдық мәселелерге қозғау салған нәтижелі жұмыстар өз жемісін беруде. Осы ретте кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды жеке қабылдап, мәселелеріне құлақ түрді.

«Егер халықпен қоян-қолтық жұмыс атқаратын болса, әкімдіктер көптеген өзекті мәселелерді тиісті деңгейде тез шеше алады. Бұл азаматтардың билік институтына деген сенімін арттырады» деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешу қажет екенін тапсырған болатын.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуді, ашық және шұғыл әрекет етуді міндеттеп: «Бұл аудандардан бастап облысқа дейінгі барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты. Олардың халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы, жағдайды толыққанды білуі, мәселені жедел шешуі – басты міндет», – деген еді. Осы ретте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындармен тұрақты түрде қабылдаулар өткізіп, бұған дейінгі көтерілген мәселелер оң шешімін тауып келеді.

Қазіргі таңда өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелермен қатар, аймақ тұрғындарының жеке мәселелері де биліктің жіті назарында. Ербол Шырақпайұлының қабылдауында болған Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының тұрғындары бұқараның басты мәселесіне айналған баспана мен жұмыспен қамту, таза ауыз су тарту, жол, балабақша мен мектеп салу бойынша өтініштерін жолдады. Сондай-ақ, өзге де өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын айтты.

Ербол Қарашөкеев азаматтардың өтініш- тілектеріне құлақ асып, барлық сауалдарға толық жауап берді. Әр мәселе мұқият зерделеніп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылданатынын тұрғындарға жеткізді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Ұқсас жаңалықтар