Осы ретте айтайын дегенім, Жамбыл ауданының аумағында орналасқан «Айша бибі» шипажайы туралы. Кейінгі жеті жылдың аралығында тоғыз рет осы шипажайдың емін қабылдаппын. 2017 жылы ашылған шипажай көптеген ардагерлердің алғысын алып келеді. Әуелі 140 орын еді, қазір 190 орынға ұлғайды. Оның барлығы ардагерлер мен мүгедек азаматтардың емделуіне жасалып жатқан жағдай екені түсінікті. Шипажайдың жұмысын жолға қойып отырған бас дәрігер Р.Нұржігітовке, бас дәрігердің орынбасары Қ.Бектаевқа алғысым шексіз. Мұнда бас мейірбике, емдеу бөлімінің басшысы және мамандары құрақ ұшып қарсы алып, барлық жағдайыңды жасайды. Біз секілді жасы жетпістен асқан ақсақалдарға жылы сөз бен жақсы ем қабылдаудан артық қандай қуаныш бар. Бұл емдеу орталығының балшығы, порофині, гидромассажы, физкабинеті, тұзды шахтасы, емдеу және дене шынықтыру бөлмелері талапқа сай. Онда қызмет жасайтын мейірбикелер де сондай сыпайы, көрсеткен қызметтері сапалы. Асханасы әзірлеген астың дәмі тіл үйірердей дәмді. Құдды барлық білікті маман, мейірбике, шебер аспаз, қызметкерлердің барлығы осы шипажайға жиналғандай.
Біздің замандастар барлық күш-жігерлерін еңбекке беріп, қазіргі таңда денсаулықтарына шипа іздеп жүрген жандар. Олардың барлығына құрметпен қараймын. Олардың ішінде теміржол саласына тер төккен азаматтар да бар. Менің замандастарыма сапалы қызмет ұсынған, «Айша бибі» шипажайы мамандарына ризашылық білдіргім келді.
Отарбаның дүрсілі – елдің құндылығы. Теміржолдың жұмысы – нағыз алпауыт еңбектің нәтижесі. Мен сол еңбекті сезінген адаммын.
Сондықтан еліміздің күретамыры бүлкілдеп соға берсін.
Талғат НАСЫР,
ардагер теміржолшы.
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді