Тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. Жаңа баспанада 1 бөлмелі – 20, 2 бөлмелі – 20, 3 бөлмелі 40 пәтер бар.
Жалпы, Т.Рысқұлов ауданында 2000-ға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін тағы 60 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Қордай ауданында да 60 азамат пәтер кілтін иеленді. Олардың қатарында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар мен кезегі келген тұрғындар бар.
Айта кетейік, облыста биыл 2 909 пәтерлі 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысына сәйкес 54 үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Сондай-ақ, күзде 14-шағынауданда 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда. Сонымен бірге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан 345 пәтер және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен 1 221 пәтер сатып алу жоспарланған. Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен 1 105 пәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Жалпы, биыл кезекте тұрған жамбылдықтарды тұрғын үймен қамту көрсеткішін 227,1 пайызға (2003 ж. 100,2%) арттыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 2 173 шаршы метр жалға берілген тұрғын үй (2023 ж. 1 122 шаршы метр), 2 151 шаршы метр әлеуметтік несиелік тұрғын үй (2023 ж. 782 шаршы метр) беру көзделген.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Сот жүйесінде татуласу тәртібі қалай реттеледі?
- 14 қаңтар, 2025
Тойымыз түзеліп, асымыз астамшылықтан ада болса...
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді