Жалпы, сот төрелігінің әділ және заңды жүзеге асырылуына мемлекет те, бүкіл қоғам да мүдделі. Өйткені, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету – абыройлы міндет. Осы жылдың 5 айында облыстық сотта үкім шығарумен қаралған істер біршама төмендеген. Мәселен, өткен жылдың есепті кезеңінде 705 адамға қатысты 509 іс қаралып үкім шығарылса, биыл 623 азаматқа байланысты 526 іс қаралған. Сонымен қатар, апелляциялық және кассациялық тәртіппен бас-аяғы 16 жанға қатысты үкімдердің күші жойылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасыныңтөрағасы Нұрмұхаммат Абидов осылай деді. Ол өз сөзінде 8 адамға қатысты ақтау үкімдері шығарылғанын және алқабилердің қатысуымен 7 азаматқа байланысты 7 іс қаралғанын атап өтті.
– Судьялар мен сот төрағалары сот істерін қарау кезінде судьялардың жұмысын тиісінше зерделеуге және дұрыс ұйымдастыруға ерекше назар аударады. Қалалық және аудандық сот төрағаларынан қылмыстық істерді қарау барысы мен тәртібін жүйелі негізде талдау, қылмыстық істерді қарайтын судьялардан материалдық және іс жүргізу заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтауды талап етіледі. Осы жылдың 5 айында қалалық және аудандық соттармен апелляциялық тәртіппен 41 адамға қатысты 28 үкім және кассациялық тәртіппен 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс бойынша өзгерістер енгізілді, – деді Нұрмұхаммат Махаматұлы.
Бұдан кейін сөз алған облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева биыл әкімшілік талап-арыздар түсімі өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда 27,6 пайызға бәсеңдегенін жеткізді. Айтуынша, әкімшілік сотқа түсетін талап-арыздардың азаюына сот алқасы мен мемлекеттік органдар бірлесе өткізетін семинар сабақтар мен дөңгелек үстелдер, жеке ұйғарымдар шығару және қаржылай жазалау шаралары арқылы қол жеткізілген. Ал, талап-арыздардың басым бөлігі жеке сот орындаушыларына, жер, салық, мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік қызметтер және жария-құқықтық қатынастар саласына байланысты даулар екен. Айта кетейік, бұрын азаматтық сот ісін жүргізуде соттар жария-құқықтық даулардың көпшілігін яғни, 85 пайызын мемлекеттік органдардың пайдасына шешетін. Әйтсе де, бұл күн де жағдай өзгерген. Мәселен, есепті кезеңде қаралған істердің 57,5 пайызында азаматтар мен бизнес өкілдерінің мүддесі қорғалған. Былтыр бұл көрсеткіш 53,9 пайызды құрапты.
Сондай-ақ, жиын барысында азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Дәулет Тасыбаев осы жылдың 5 айында жергілікті соттардың сот төрелігін жүзеге асырудағы азаматтық істер бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімдеді. Дәулет Еркебекұлының сөзіне сүйенсек, 2024 жылдың 5 айында бірінші сатыдағы соттар 4 313 азаматтық іс шешім шығару арқылы қараған. Жалпы, өндіріспен аяқталған істің саны – 7 778. Сонымен қатар, апелляциялық сатыда 26 шешімнің күші жойылса, 30 шешім өзгертілген. Бұдан бөлек, спикер бітімгершілік рәсімдерін қолдану арқылы қаралған істерге де тоқталып өтті. Сөзінше, бұл кезеңде 115 іс медиация тәртібімен қаралыпты. Ал, 5 айдың ішінде медиация, бітім және партисипативтік келісіммен 730 іс қысқартылған.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Тіл оқыту орталығы: Жалақы аз, штат бос, маман жоқ
- 26 желтоқсан, 2024
Той мәдениетін көтеру көптің ісі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді