Солақай саясаттың құрбанына айналған поляк жұрты депортациялаудың екінші бөлігінде Қазақстанға келеді. Бұл – 1939 жыл еді. Жалпы, дәл осы жылдың қаңтар және желтоқсан айларында бұл жұрттың адамдары біздің елге өз еріктерінен тыс жер аударылады. Қазақ жеріне, соның ішінде, Жуалы өңіріне күштеп әкелінген олардың жартысынан көбі Шақпақ станциясына жетпей-ақ қайтыс болады. Өйткені, қақаған қыста бұл тұтқындарды жабдықталмаған вагондарға тиеген еді. Мерт болғандар сол станция маңындағы тал-дарақтардың түбіне жерленген. Бүгінде ол жерде бақилық поляктардың құрметіне орнатылған ескерткіш бар.
Ал, тірі қалған поляктарды жендеттер жаяу айдап, тоғыз шақырым жердегі Бірлік, Шақпақ ауылдарына жеткізген. Мұнда жер аударылғандарды мектеп пен бұрынғы шахтаның барактарына орналастырған. Баспанасыз қалғандары Бірлік ауылының оңтүстік бағытындағы Құлан тауының етегінен өздері үшін жертөле қазуға мәжбүр болған. Міне, дәл осы таудың етегіндегі бұрын жертөле болған жерді жуалылықтар «Поляк қазған» деп атайтыны сондықтан. Мұндағы қатарынан қазылған жертөлелердің бас-аяғы – он-он бес. Олардың аумағы кішігірім қазақы үйдің орнындай. Жертөлердің үсті ағашпен жабылып, оның үсті қалың топырақпен көмілген.
Бұл күнде тау етегіндегі жертөлелер жақсы сақталғанымен, жаңбыр суының әсерінен біразы ішке қарай опырылған. Қазіргі таңда жертөле төбешіктердің үстіне адам аяғы баса алмайтындай қалың тікен мен ерменқурай көптеп өседі. Жертөлелер қазылған жердің оңтүстік жағындағы тау етегінде, нақтырақ айтқанда, Көксарай аталатын жердің бергі жағында қаз-қатар қойылған поляк халқының бейіті менмұндалайды. Тарлан тарихта талай рет қанға бөгілген ұлан ғайыр қазақ даласының бір пұшпағында поляктардан қалған белгі де – осы.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді