Қолданыстағы заңда көрсетілгендей, еңбек шарты–жұмыскер мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм, бұған сәйкес жұмыскер белгiлi бiр жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзi орындауға, еңбек тәртiбiнiң ережелерiн сақтауға мiндеттеледi, ал жұмыс берушi қызметкерге келiсiлген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге мiндеттi.
Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша бiр жылдан аспайтын кезең iшiнде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.
Маусымдық жұмысшымен еңбек шартын жасасудың өзіндік ерекшелiктерi аталған кодексте бірнеше баппен арнайы көрсетілген. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқында лған ке зеңi көрсетiлуі тиiс. Мысалы, ауыл шаруашылығында жаздық суару жұмыстарына тартылған бақша суарушылар, су реттеушілер мен от жағушылар үшін жасалған еңбек шартында жұмыстың баст а лған күні мен аяқталар күні көрсетілуі тиіс.
Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыскердiң өзiне тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатындағы сынақ мерзiмi белгiленбейдi.
Жұмыс берушi маусымдық жұмыстарда iстейтiн жұмыскердi, жұмыс берушi – заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi–жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған және қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылғаннан басқа жағдайда еңбек шартының бұзылатыны туралы күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi.
Өз кезегінде маусымдық жұмыстарда iстейтiн жұмыскер еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушiнi күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Маусымдық жұмыстарда iстейтiн жұмыскермен еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс берушi пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлемiн жұмыс iстелген уақытқа барабар төлейдi.
Маусымдық жұмыста iстейтiн жұмыскермен еңбек шарты ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты тоқтатылған кезде, екi апталық орташа жалақы мөлшерiнде демалыс жәрдемақысы төленедi.
Барлық жағдайда маусымдық жұмыста iстейтiн жұмыскерлерге пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы мен заңда көрсетілген жәрдемақы міндетті түрде төленуі тиіс.
Қорыта келгенде, маусымдық жұмысшылармен еңбек шартын жасасудың өзіндік ерекшелiктерi Еңбек кодексінде жан-жақты қарастырылған, ал басқа құқықтары қолданыстағы заңға сәйкес реттеледі.
Жанмұрат БЕКМҰРЗАЕВ,
облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының мониторинг, құжаттама, құқықтық және қаржы бөлімінің бас маманы- мемлекеттік еңбек инспекторы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді