Облыс әкімі «Аulieata - media» серіктестік ұжымымен жүздесті
- author «Ақ жол»
- 28 маусым, 2024
- 2.5k
Аймақ басшысы «Аulieata - media» серіктестігіне қарасты «Aq jol», «Знамя труда» және «Ar - Ai» газеттері мен Jambylinfo ақпарттық порталының редакция алқасымен жеке танысты. Сондай-ақ, жыл басында құрылған «Цифрлық контент орталығының» тілшілік тіршілігін көріп, жаңа бастамаға оң бағасын берді.
Өткен жылы ғана күрделі жөндеу көрген Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйінің әлеуметтік - техникалық базасымен танысып, өңір журналистерінің талап-тілеген тыңдады.
Келелі кездесу барысында аталған ақпараттық серіктестіктің Бас директоры Данияр Асқарұлы өңірлік холдингтің жыл басынан бергі атқарған ортақ жұмысы туралы кең көлемді баяндама жасады.
– Біздің серіктестікке қарасты облыстық AQ JOL, ЗНАМЯ ТРУДА және AR-AI газет редакциясында, сондай-ақ JAMBYLINFO ақпараттық - сараптамалық порталында жалпы саны 60-қа жуық журналист еңбек етеді.
Сондай-ақ, біздің оқырмандарымыз газет беттеріндегі маңызды іс-шаралардың бейненұсқасын QR арқылы тамашалауға мүмкіндік алды. Мұндай жаңашылдыққа республикалық басылымдардың ішінде алғашқылардың бірі ретінде бастамашы болып отырмыз.
Мұнымен қоса, жуырда ғана AQ JOL, ЗНАМЯ ТРУДА және AR-AI газетінің сайттарын жаңа, заманауи LAVR (лавр) платформасына ауыстырдық.
Ал, серіктестікке қарасты JAMBYLINFO ақпараттық порталы жыл басында республикалық деңгейде хабар таратуға көшті. Қазіргі таңда ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігіне ресми тіркелген 1600-ден астам сайттың ішінен ZERO және LIVEINTERNET статистикалық ресурстарының қорытындысы бойынша JAMBYLINFO ТОП-50 сайттың тізіміне кірді. Бұл – біз үшін үлкен меже! Мұнымен қоса, ЖамбылИнфо ақпарат агенттігінің әлеуметтік желілердегі оқырмандарды қамту үлесі 1 айда 2 миллионнан астам аудиторияға жетіп отыр, - деді серіктестік директоры Данияр Асқарұлы өз сөзінде.
Ербол Шырақбайұлы да өз кезегінде журналистердің жанқиярлық жұмысын әрдайым жоғары бағалайтынын айтып, әріптестерге шығармашылық табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




