Ең бірінші және басты ереже – мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы балалар ересектердің бақылауымен шомылуға тиіс. Балаларды бақылауды барынша күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Үлкендердің еріп жүруінсіз жасөспірімдер арнайы бөлінген орындарда ғана шомылуы мүмкін. Ең көп қайғылы оқиғалар суға шомылуға арналмаған су айдындарында орын алады. Ата-аналар балаға судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін айтып қана қоймай, оған қиын жағдайда өзін-өзі ұстау дағдыларын үйретуі қажет. Жасөспірімді үрейленбеуге және өзін қалай ұстау керек, не істеу керек екенін түсінуге үйрету өте маңызды.
Суға шомылу кезінде жол берілмейді:
1. Бейтаныс жерде, көпірлер мен бөгеттердің астында жүзуге;
2. Су түбінің тереңдігі мен бедерін білмей биіктіктен сүңгуге;
3. Арнайы қоршаулар мен буйкалардан жүзіп кетпеуге;
4. Қайықтарға, салдарға және басқа да жүзу құралдарына жақындауға;
5. Қайықтан, кемелерден, айлақтардан суға секіруге;
6. Суда ойнау кезінде бір-бірінің қол-аяқтарынан жармасуға.
Суда немесе жағалау сызығында болған уақытта ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Алкоголь тепе-теңдік сезімін, қозғалыс үйлесімділігін және өзін-өзі бақылауды нашарлатады. Жүзе алмайтындар тереңдігі 1-2 метрден аспайтын арнайы жабдықталған жерлерде ғана шомылуға болады.
«Суға шомылуға тыйым салынады!» ескерту аншлагымен жабдықталған су нысандарында шомылуға қатаң тыйым салынады.
Есіңізде болсын! Тек судағы қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау ғана қайғыға жол бермейді.
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Тазалық техникалары отыз пайызға жаңарды
- Бүгін, 03:10
Учаскелік референдум жұмысын қорытындылады
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді