Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ҚМ ішкі мемлекеттік аудит комитетінің облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 3,9 миллиард теңгеден астам сомаға бұзушылықтарды анықтады
- author «Ақ жол»
- 20 маусым, 2024
- 1.4k
Аудиторлар жалпы сомасы 3 955 672,3 мың теңгеге бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 1 851 393,6 мың теңгені, ал рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 2 104 278,7 мың теңгені құрады. Рәсімдік бұзушылықтардың едәуір бөлігі мемлекеттік сатып алуларға қатысты 1 921 600,7 мың теңгені құрады.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке қалпына келтіру және өтеуге жататын 1 851 393,6 мың теңгеден аудит барысында және қабылданған шаралармен 228 645 мың теңге қалпына келтіріліп, бюджетке өтелді. Бұл жалпы соманың 12,3 пайызын құрайды.
Аудиттік іс-шаралардың нәтижелері бойынша тексерілген ұйымдар мен мекемелердің 12 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жауапкершілікке 10 лауазымды тұлға тартылып, оларға 4 319,7 мың теңге айыппұл салынды. Айыппұлдар толық көлемде бюджетке өтелді.
Сонымен қатар, төрт аудиттің жалпы сомасы 1 440 477,9 мың теңгеге материалдары одан әрі қарау үшін прокуратура органдарына тапсырылды.
Осылайша, департамент ұйымдардағы қаржылық және рәсімдік тәртіпті бақылауды күшейте отырып, анықталған бұзушылықтарға уақтылы ден қоюдың маңыздылығын, қаржылық шығындардың алдын алу және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етуде.
ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің облыс бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
- 2 желтоқсан, 2025
Қауіпсіздік бәрінен маңызды!
- 8 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




