Қағиданың 3-тармағына сәйкес, олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз энергиямен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiреді: 1) мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер; 2) теле-радиокоммуникациялар; 3) сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары; 4) емдеу мекемелерi; 5) олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер; 6) титан және магний электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері; 7) әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi; 8) құс фабрикаларының объектілері. Қағиданың 4-тармағына сәйкес, YЭО тізбесіне қосу шарты объектінің сыртқы электрмен жабдықтау схемасы сенімділік дәрежесі бойынша электрмен жабдықтауы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №230 бұйрығымен бекітілетін Заңның 5 бабы 19) тармақшасына сәйкес, электр қондырғыларын орнату қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі болып табылады. Қағиданың 6-тармағына сәйкес, YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объекті үшiн энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №75 бұйрығымен белгіленген электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес, авариялық бронның актiсiн жасайды. Авариялық бронның актiсi электр энергетикасы саласында жетекші уәкілетті органға және жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады. Жоғарыда аталып өткендей, объектіге электр энергиясын шектеу салдарында өңірлерде адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуына мүмкіндік бермеу мақсатында департамент күзгі-қысқы кезеңде авариялық бронның актiсiне қатысты энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен бірге YЭО өкілдерімен қағида талаптарын орындау қажеттілігі туралы ақпарат жеткізеді.
«Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді