Жаңа зауыт ашылды

Жаңа зауыт ашылды
Ашық дереккөз
Тараз қаласында ашылғанына үш ай болған «Alina Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғын үй құрылысына қажетті қоспаларды шығарумен айналысады. Оның жылдық қуаты 350 мың тоннаны құрайды.

Серікте стік өкіліАлексей Подольскийдің айтуынша, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт 1 наурыздан бастап іске қо сылыпты. Оның жобалық құны 6,9 миллиард теңгені құрайды. Өндірілген өнімін бүгінгі таңда серіктестік Қырғыз Республикасына экспорттап отыр. Бір бөлігін сұранысқа қарай Түркістан облысының сауда орталықтарына жеткізіп беруде.

Зауыт қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Атап айтсақ, зауыт базасында сылақ, желім, құйма еден және басқа да құрылыс-әрлеу материалдарын өндіру цехтары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, онда арнайы зертхана мен өнім сақтайтын қойма бар. Теміржол желісі зауытқа кіріп тұр. Бұл «Alinex» құрғақ құрылыс қоспаларын экспорттауға және көрші облыстарға тасымалдауға мүмкіндік беруде.

Зауытта бес деңгейлі сапа бақылауы енгізілген. Ол ең алдымен шығарылатын өнімнің шикізат с апасынан баст ап, пайдалану қасиеттерін мұқият тексеруге дейінгі әр кезеңде мәлімделген параметрлерге сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді. Бір жыл бұрын «Alina Group» Орталық Азияда 380 мың текшеметр «пазогребневые» плиталар шығаратын алғашқы заманауи автоматтандырылған зауытты іске қосты. Жобаға 3,5 миллиард теңге инвестиция тартылған болатын.

– Өткен жылы біз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалына хабарласып, Тараз қаласында құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауытсалуды жоспарлап отырғанымызды айттық. Бизнесті мемлекеттік қолдау туралы кеңес алғаннан кейін біз субсидиялаудың арқасында төмендетілген мөлшерлеме бойынша «Forte Bank» акционерлік қоғамынан да қарыз алдық. Жобаға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде қолдау көрсетілді. Осылайша, қаражат алғаннан кейін компания құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салып, бүгінде Тараз қаласының 300 тұрғынын жұмыспен қамтып отырмыз, – дейді серіктестік өкілі Алексей Подольский.

 

Дариға АСҚАР,  

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар