Азаматтар әлеуметтік жоба ларды іске асыру, баспана және ауыз сумен қамту, жол белгілерін ретке келтіру, тұрғын үйді жекешелендіру және экология мәселесін көтерді.
Сондай-ақ, футбол алаңшасын соғу, көшеге кәріз жүйесін тарту, учаскелік полицияның жұмысын жүйелеу бойынша талаптарын жеткізді.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев сұрақтарды жіті тыңдап, көтерілген мәселелерге заң аясында жауап берді.
Облыс әкімі жауаптыларға тұрғындардың барлық сауалын толық зерделеп, шешімі табылғанша бақылауда ұстауды тапсырды.
Айт а кетейік, аймақ басшысы 2023 жылдың қыркүйегі мен биылғы жылдың 28 мамыры аралығында 580-нен аса азаматты қабылдап, мәселелерімен танысты. Бұдан бөлек, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 170-тен астам тұрғынның өтінішіне құлақ түрді.
Азаматтарды қабылдау жұмыстары жалғасады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірімдерді қылмысқа біреу итермелей ме?
- 21 сәуір, 2026
Мұғалімдер аттестациясы не үшін тоқтатылды?
- 21 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




