Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Тоқанов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Егембердиев оқиға орнында жұмыс істеді.
Техникамен өрт ошағының периметрін жырту жалғасуда, қарапайым аспаптар мен рюкзак бүріккіштерін пайдалана отырып, локальды ошақтар мен түтін көздерін сөндіру жүргізіледі. Өрт сөндіру жұмыстары толық жойылғанға дейін жалғасады.
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК патрульдік тікұшағымен барлау жұмыстары атқарылды.
Өртті ауыздықтауға 167 адам, 39 бірлік техника, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, ТЖД-нен 84 адам және 9 техника тартылды.
Алматы, Шымкент қалаларының ТЖМ топтары мен Қазавиақұтқарудың 2 әуе борты дайындыққа келтірілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




