Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басқан өңірлерде 3554 жеке тұрғын үй, 794 аула аумақтары, 42 көпқабатты тұрғын үй, 18 227 саяжай үйі, 97 әртүрлі мақсаттағы ғимараттар су астында қалған. Төтенше жағдай кезінде барлығы 119 297 адам эвакуацияланып, 6338 адам уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілді. 136 692 ауыл шаруашылығы жануары қауіпсіз қашықтыққа айдалып, 8642-сі қырылып қалған. Жалпы, елімізде су алған 13 автокөлік жолының 2-і республикалық, 6-ы облыстық, ал 5-і жергілікті маңызы бар жолдарға жатады. 11 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып, әуе, теміржол арқылы су басқан аймақтарға 6682,81 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігі мен әкімдіктердің күшімен 13 мың текшеметрден астам еріген қар суы сорылып, 7685 мың қап пен 1540 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 44 137 адам, 4642 техника, 858 су сору құралы, 341 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Атырау облысындағы Құлсары қаласына төтенше жағдай басталғалы бері 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген. Бүгінде қаланы қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, су басқан аулалардан 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылған. Құлсары көшелерінен қоқыстарды жинау және шығару жұмыст арымен бе с бригада айналысуда.
Бүгінде барлық өңірлерде су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік төлемдер төлеу қолға алына бастады. Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен 3371 отбасына біржолғы әлеуметтік төлем ретінде 1,1 миллиард теңге көмек берілді. Айта кетейік, су тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазіргі кезде Ырғыз ауданында тасқынға қарсы күрес жұмысы жалғасып жатыр. Ал, өзге аудандарда тасқын салдарын жоюмен қат ар, баспана салу жұмыстары жалғасуда. Қостанай облысында да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмектер көрсетілуде. Мұнда 475 үй қалпына келтіруге келмейді деп танылған, ал, 876 үй жөндеуді қажет етеді. Әзірге, зардап шеккендер үшін 122 пәтер сатып алынған. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында мердігерлер 200-ден астам жаңа үй салуға кірісті. Белгілі болғандай, бой көтеретін тұрғын үйлерді салуға 4,5 миллиард теңге қарастырылған.
Соңғы күндері Атыраудағы Жайық өзенінде су деңгейінің көтеріліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. 20 мамырдағы жағдай бойынша, Жайықта су деңгейі көтеріліп, өзеннен өр суының көптеп келуі Атырау облысының Махамбет ауылына қауіп төндіруде. Соған байланысты Махамбет – Сарытоғай ауылын жалғап жатқан тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылған. Бүгінде Атырау қаласында тасқын қаупі төнген жағдайда тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіру үшін сыйымдылығы 10 250 орынды құрайтын 94 эвакуациялық пункт дайын тұр.
Өткен сенбіде Премьер-Министр Олжас Бектеновтің су тасқыны салдарын жою жөніндегі есебін тыңдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысына су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрс ету бағытындағы шараларды күшейтуге, тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарына кірісуге тапсырма берді. Еске сала кетсек, бұл жағдайды Мемлекет басшысының өзі бақылауда ұстап отыр.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді