
Күн ерте көк туын көкке көтерген қаршадай баладан қазыналы қарияға дейін орталық алаңға жиналып, әуезді Әнұранды бірге шырқады. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов айтулы мерекемен барша сарысулықтарды құттықтап, өскелең ұрпақты мемлекеттігіміздің негіздерін қашан да қастерлеуге үндеді.
«Елтаңба, Ту, Гимн қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Сондықтан, рәміздерді жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады. Әнұранның орындалуы мен Көк байрақтың көтерілуі жастар бойындағы елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімдерін нығайта түсетіндігіне бек сенімдіміз», - деді аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы өз құттықтауында.
Патриоттық сипатқа ие іс-шара барысында бірқатар атқа қонған аудан азаматы моноқаланың басты көшелерімен көк байрағымызды алып өтті.
Сондай-ақ, шығын аудандардағы көпқабатты тұрғын үйлердің терезелеріне Мемлекеттік Ту ілініп, рәміздерге құрмет көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің банк жүйесін өзгерістер күтіп тұр
- Бүгін, 03:06
Жастар тарихымызды танып, тағылым алуы керек
- Бүгін, 03:00
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- Бүгін, 12:43
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді