31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазықсыз жаланың кесірінен қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу іс-шарасы өтті. Бұл күні мекеме психологы Айгерим Саурбаева жазасын өтеушілерге азапты жылдар жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.
Айта кетейік, Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталды.
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура Конституция жобасын талқылады
- 27 ақпан, 2026
Отбасы құндылығы – оңалтудың негізі
- 27 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




