«Дәнекер» жобасы: төрт жылда 4 563 мәселе сотқа дейін шешілген
- author «Ақ жол»
- 30 мамыр, 2024
- 2.2k
Бақтыжоқа Салахитдинұлы Президентке қоғамның қозғаушы күшіне айналған үлкен ұйымның жемісті жұмысы, әрі алға қойған мақсат-мүддесі бойынша есеп берді.
Төрағаның айтуынша, үлкен буынның бастамасымен қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі – «Дәнекер» жобасы болса, екіншісі – «Іскерлік және жанашырлық» деп аталады.
Атауы айтып тұрғандай, «Дәнекер» жобасы аясында соңғы 4 жылда 6 896 даудың 4 563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген. Ал келесі мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тағылымы мол бастамаларға сәттілік тілеп, қоғамдық жұмысқа белсенді атсалысып келе жатқан ақылман ардагерлерге алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Күйзеліске төзімділік қалай қалыптасады?
- 9 сәуір, 2026
Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




