Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру
- author «Ақ жол»
- 29 мамыр, 2024
- 731
Денсаулық сақтау саласына қарасты 19 мемлекеттік көрсетілетін кызметтің ішінде:
1. Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту.
2) Дәрігердің қабылдауына жазылу.
3) Дәрігерді үйге шақыру.
4) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру.
5) Транспланттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу.
6) Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру.
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар (емханалар).
7) Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру.
8) Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру.
9) Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру.
10) Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру.
11) Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру.
12) Алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу.
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының медициналық ұйымдары.
13) Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру.
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының стационарлық көмек көрсететін ұйымдары.
14) Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру.
Қызмет беруші: Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары.
2. Электрондық (толық автоматтандырылған) 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
15) «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру.
16) «Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру.
17) «Фтизиатрия» Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері: www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы.
3. Қағаз түрінде/электронды 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
18) Жедел медициналық көмек шақырту.
Қызмет беруші: Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы.
4. Қағаз түрінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
19) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау.
Қызмет беруші: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы.
Жеке тұлғаларға 19 мемлекеттік қызметтің 17-сі тегін көрсетілсе, 1-уі ақылы (Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру), 1-уі ақылы/тегін 18 жасқа дейінгі балаларға бекітілген жері бойынша (Алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу).
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында 19 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген қағидалары орналасқан.
Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/activities/services?lang=kk
027 (МСАК көрсететін медициналық ұйымнан анықтама), 038 (Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама), 069 (Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды), 073 (Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама), 075 (Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер) және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын пациентке берер алдында дәрігердің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады. Пациентке берілген анықтамалар egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында электронды түрі қолжетімді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы №17 бұйрығына сәйкес 073 (Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама) және 075 (Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер) электронды (толық автоматтандырылған) форматына ауыстырылды. Қорытынды анықтамаларды egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында алуға болады. Аталған бұйрық 2024 жылғы 24 мамырда заңды күшіне енеді.
Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034339
Жарқын АЙТЖАН,
облыс әкімдігінің
денсаулық сақтау
басқармасы цифрландыру және жобаларды басқару бөлімінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Назар аударыңыз!
- 24 қыркүйек, 2024
ҚАЖД мекемелерінде оңалту жұмыстары жүргізілуде
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді