Жазда қай бағытқа халықаралық әуе рейстерінің саны артады?

Жазда қай бағытқа халықаралық әуе рейстерінің саны артады?
Ашық дереккөз
Құрылғанына көп уақыт болмаған Көлік министрлігі жиі саяхаттаушы қазақстандықтардың талап-тілегін ескеріп, бірқатар алыс-жақын елдерге әуе рейстерінің санын арттырды, деп хабарлайды aqjolgazet

Жаз маусымы келді. Қазақстандықтар жаппай еңбек демалысына шығуда. Осы ретте әлем елдері арасында туристік кластері жақсы дамыған шет мемлекеттерге саяхаттаушы жерлестеріміздің саны екі есеге артады. Тиісінше әуе рейстеріне билет тапшы. Сұраныс артқан жерде бағаның өсімі – экономиканың жазылмаған заңы.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, биыл жаз маусымында Вьетнам, Тайланд, Египет және Грузияға ұшатын рейстердің саны айтарлықтай арта түспек.

Бүгінде елімізден халықаралық бағытта 28 елге 121 маршрут бойынша аптасына 567 рейс жиілігімен ұшақтар ұшып, жолаушыларды тасымалдайды.

«Рейстердің басым бөлігі Ресей Федерациясына жөнелтіледі. Атап айтқанда, аптасына 31 әуе бағыты бойынша Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Минеральные воды, Қазан, Сочи, Красноярск, Новосибирск, Махачкала және Грозный қалаларына 139 рейс орындалады.

Ал Түркияға 18 әуе бағыты бойынша Стамбул, Анкара, Анталия қалаларына аптасына 125 рейс жиілігімен және Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай, Абу-Даби, Шарджа қалаларына 58 рейс 6 әуе бағыты бойынша ұйымдастырылған. Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына қатынайтын ұшақтар Бейжің, Үрімші, Сиань, Ханчжоу, Санья сынды қалаларды қамтып, 9 әуе бағыты бойынша аптасына 43 рейс жүзеге асырылады», - делінген ресми хабарламада.

 

Ұқсас жаңалықтар