Заң әуелі мемлекеттік тілде әзірленуі тиіс – Әділет министрі
- author «Ақ жол»
- 28 мамыр, 2024
- 985
Хабарламада әділет министрі Азамат Есқараев Үкімет жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссиясының отырысында «Мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі туралы» тақырыбы бойынша баяндама жасағаны айтылады.
Әділет министрі қазақ тілінде заң жазуға, нормативтік құжаттарды түзеуге «икемсіз» деген түсініктен арылып, мемлекеттік тілдің мол мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажеттігін айтқан.
Сондай-ақ, Есқараев өз баяндамасында норма шығару қызметінде қазақ тілін одан әрі дамыту мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орыс тіліне аударуды қамтамасыз ете отырып, оларды қазақ тілінде әзірлеу міндетін кезең-кезеңімен заңнамалық бекіту мүмкіндігін пысықтау міндеті көзделгенін атап өткен.
Министрдің айтуынша, тіл мәселесіне байланысты екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағыт - терминология мәселесін шешу. Заңнамалық актілердің мәтініне қойылатын талаптардың бірі - бұл терминдердің бірізділігі. Республикалық терминологиялық комиссия бекіткен терминдер ұсынымдық сипатқа ие. Сондықтан, іс жүзінде, комиссия мақұлдағаннан кейін де, заңгерлер мен филологтар арасында бір терминді әртүрлі етіп аудару төңірегінде пікірталастар жиі болады. Сондықтан ведомство басшысы қазақша терминологиялық сөздіктерге ресми мәртебе беру және оларды норма шығару процесінде қолдану қажеттігін алға тарқан.
Ал екінші бағыт - тиісті ұйымдастырушылық шараларды қабылдау. Бүгінгі таңда заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша мамандардан заңгерлерден және ғалымдардан құралған пул тізімі қалыптастырылғаны және болашақта сол мамандарды заң жобаларын әзірлеу процесіне тарту қажеттігі айтылған.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді