Мемлекет тарапынан асыраушы саланы субсидиялауға миллиондаған қаржы бөлінген жағдайда, бұл кәсіпкерлер мен басқа да тұлғаларды үкіметтен негізсіз ақша алу үшін түрлі алаяқтық схемаларды қолдануға итермелейді. Облыста 544 мың адам жұмыспен қамтылса, ауыл шаруашылығы саласында 138 мыңнан астам азамат қызмет етеді. Бұл көрсеткіш өзге салалардағы қызметкерлерден бір жарым есеге көп. Талдау көрсеткендей, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға байланысты шаруалардың бөлінген бюджет қаражатына қолжетімділігі және бюджет қаражатын ұрлаудың тиісті тәуекелдері бойынша бірқатар мәселелер бар. Біз аталған құқық бұзушылықтардың себептерін зерттеп, оларды жою шараларын қабылдаудамыз. Осы мақсатта түрлі министрліктер мен ведомстволарға бюджет қаражатын беруде нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жүйелі түрде енгіземіз, – деді Нұралы Баянбайұлы.
Ал, облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев мамандар сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау және адал кәсіпкерлердің қылмыстық процеске тартылуына жол бермеу мақсатында қажетті шараларды дер кезінде қабылдайтынын жеткізді. Сөзінше, қазіргі уақытта аталған департаментте қаржы пирамидалары, мемлекеттік сатып алу саласындағы жымқыру, бюджетке салық төлеуден жалтару және басқа да қызмет салаларында алдын ала ақпарат жинау және талдау функцияларын орындау үшін «Талдау орталығы» құрылған. Мұндағы кез келген ақпарат уәкілетті органдармен қайта тексеріліп, адал кәсіпкерлердің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына жол берілмейді.
Айта кетейік, елімізде Қаржылық мониторинг агенттігі құрылған сәттен бастап, экономикалық тергеу қызметі бюджет қаражатын ұрлаудың ірі деректерін анықтауға жұмылдырылып келеді. Бұл күнде оның нәтижесі де бар. Мысалы, мамандар таңқурайдың элиталық сорттарын сатып алуға бөлінген субсидиялардың ұрлану дерегін анықтап, арам ниеттілердің субсидия ретінде мемлекеттен заңсыз түрде 900 миллион теңгеден астам қаражат алғанын әшкереледі. Осы жылы нақ осы қылмыстық іске қатысты сот үкімі шығып, кінәлілер темір торға тоғытылды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді