Сондай-ақ, балықшылар мұндай туризмнің түрі елімізде әлі дамымағанын жеткізді.
– Таңнан кешке дейін бір балық ұстасақ та көп уақыт жоғалттық деп өкінбейміз. Өйткені, бұл табиғат құшағында құмардан шығудың бір түрі. Су бетінде қалқыған қалтқыға қарап отырып, оның қимылынан әсер аламыз. Алда-жалда ілмегімізге ірі балық іліне қалса, бақыттан басымыз айналады. Кейде, кәсіби балықшылардың қармағына түспейтін сазандарды ұстайтын сәттерді бастан кешіреміз, – дейді әнші Әліби Алтынбек.
Теңіздер мен көлдерді тек бизнес орны ретінде санайтындарға бұл күнделікті үйреншікті тіршілік. Ал, қармақ ұстап құмарын тарқататындарға теңіз жағалауы таптырмас туристік нысан.
Жамбыл жеріндегі Талас пен Шу талайға таңғажайып пана болды. Ал, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы, Балқаш, Алакөл, Билікөл көлдері судағы ойын-сауық бағытына ыңғайлы. Өңіріміздегі қай өзенге барсаң да табиғи ерекшеліктерімен таңқалдырады. Дегенмен, балықшыларға қолайлы жағдай жасап, оларға табиғи құндылықтарға құрметпен қарау керектігін де түсіндіру маңызды. Кейбір азаматтардың броконьерлік қылмыс жасайтыны да жасырын емес. Суға электр күшін пайдаланып, ондағы тіршілікке қатты зиян шектіреді. Жылына бір рет балықтардың ұрық шашу науқаны өтеді. Бұл кезеңдерде көлге қармақ салуға тыйым салынады. Туристік саладағы мамандар осы мәліметтерді алға тартты.
Ал, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің туризм және сервис кафедрасының аға оқытушысы Альмира Дүйсембаеваның сөзінше, салаға қолдау болмағандықтан өңіріміздегі балық туризмі аса дамымаған.
– Іс-шараларды өткізуге қаражат бөлінбегендіктен қолдау көрсетілмейді. Балықшыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады, бірақ мемлекет тарапынан бұл туризмді өркендетуге жағдай жасалмайды. Тек, әуесқой балықшылардың өздері ғана осы туризмді дамытып жүр. Бұл тек қана балық аулау емес, ұлттар мен мемлекеттің бір-біріне деген достық қарым-қатынасының нығаюы, кәсіп көзі мен мәдени байланыс болып саналады. Аутфитерлер, яғни, кәсіби аңшылық пен балық аулау турларын ұйымдастырушылар, әлемдік балық аулау туризмі қарапайым аңшылықты бес есеге басып озып, ондаған миллиард доллар пайда түсіреді екен, – дейді Альмира Тоқтаназарқызы.
Орыс ұлтында балықшылар жайлы ертегі-аңыздар көп. Бұл кәсіп иелеріне қатысты мақалдар да толып жатыр. Демек, ол жақта балық аулау дәстүрі ежелден жақсы дамыған.
Біздің елде де бұл дәстүрді дамыта отырып, осыған қатысты туризм бағытын өркендетуге мол мүмкіндік бар. Жасанды бассейндерде балық асыраушылар туризмнің осы бағытын үлкен кәсіпке айналдырды. Асыранды балықтарды аулаған тұтынушыларға ақысын төлетіп, оны қуырып береді. Ал, жыл бойы көл жағалап, табанын тоздыратын Жуалы тұрғыны Қайрат Қуанов асыранды балық аулаудың еш әсері болмайтынын жеткізді.
– Мен бала кезден осы кәсіпке құмармын. Үйімде қазір заманауи қармақтың түр-түрі бар. Қысы-жазы өзен-көлдерді мекендеймін. Өзіме бұдан артық туризмнің қажеті жоқ. Тіпті, арнайы көлігім мен қайығым да сақадай сай тұр. Әріптестеріммен бірге Қазақстанның біраз облыстарын аралап шықтым. Суда мекендеушілердің сантүрін ауладым. Елімізге шет мемлекеттерден арнайы келетіндер де толып жатыр. Олардың көбін танимын. Балық туризмін дамыту шаралары қолға алынса, мемлекетімізге көп пайда түсер еді, – дейді ол.Бүгінде балық аулауды еріккеннің ісі емес, өркениетіміздің дамыған дәстүрі деп білейік.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлтына ұлы қуаныш сыйлаған ұл
- 5 желтоқсан, 2024
Бес жерлесіміз Тайландта жұдырықтасады
- 5 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді