Былтыр Астана күні мерекесіне орай ашылған бұл жағалау бүгінде еліміздегі ірі мәдени-сауықтыру отбасылық демалыс аймақтарының бірінен саналады. Халықаралық деңгейдегі туризмді дамыту аясында іске асқан жобада түрлі әткеншек, толқынды бассейн секілді заманауи құрылғылар қарастырылған. Аталған ауқымды жоба өңірдегі туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.
«South Holiday» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Айбек Оршубеков болашақта бұл кешенде бес жұлдызды қонақүй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар іске қосылатынын айтқан еді.
Расында, қазіргі кезде «Зербұлақ» көліне шомылу үшін біраз шығындануға тура келетіні шындық.
Кәсіпкерлер қарапайым халық үшін де ыңғайлы жағдай қарастыру керектігін ұмытпаған шығар деп ойлаймыз.
Осы орайда, біз қала әкімдігінің туризм саласына жауапты мамандарына хабарластық. Олардың сөзінше, «Зербұлақ» сауықтыру кешенінде көпшіліктің жағдайына қарай қолайлы орындар да қарастырылған екен. Суға шомылу науқаны басталған кезде балалар үшін тегін шомылатын орындар пайдалануға берілмек. Тек олардың ата-аналары ғана кіруге 1000 теңгеден ақы төлейді. Бұл төленген ақы осы орталықта түрлі қызмет істейтіндердің айлығы екен.
Ал, Тараз тұрғындарының айтуынша, қаламыздың осындай туристік нысандармен көркейгені дұрыс. Алайда, мұндай көрікті жерлерді көріп, тамашалау қымбатқа түспеуі керектігі ескерілсе нұр үстіне нұр болар еді.
– Тарихи Таразымыздың гүлденуі біз үшін үлкен мақтаныш. Тек мұнда өмір сүретін халықтың ауасы тарылмаса екен. Ауа деп тұрғанымыз табиғи ауа емес, сол табиғаттың тегін сыйы тек ақыға сатылмаса дейміз. Бұл шаһарда тұрғаныма елу жылдай уақыт болды. Туған жерімнің әр тасы да мен үшін қымбат екенін білемін. Сол көпке ортақ көрікті дүниемізді ақыландыра беру де дұрыс емес деп ойлаймын, – дейді қала тұрғыны Руслан Бейсек.
Өңіріміздегі туризм саласының дамығанына жергілікті халық қуанады. Бірақ, сол туризм елмен бірге дамыса деген тілек бар.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді