Мәселен, жыл басынан бері өңірімізде интернет-алаяқтықтың 66 дерегі тіркелген. Есепті кезеңде ғаламтор арқылы ақша жымқыруды көздеген 11 азамат қолға түссе, интернет-алаяқтықтың 14 фактісі ашылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде өңірлік полиция департаментіне бағынысты криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Шохан Альжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, құрықталған қаскөйлердің 5-уі Алматы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының азаматтары.
– Технологияның дамуы мен интернеттің кең қолданылуына байланысты интернет-алаяқтық күннен күнге өршіп барады. Бүгінгі күні облыс аумағында интернет жүйесін пайдалану арқылы жасалған 66 алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл санаттағы қылмыстардың басым бөлігі Тараз қаласында орын алып отыр. Сондай-ақ, интернет алаяқтары Шу, Т.Рысқұлов, Қордай, Жуалы және Сарысу аудандарында да анықталды. Қазіргі таңда 14 дерек ашылса, нақ осы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 11 азамат ұсталды. Олардың ішінде Алматы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының азаматтары бар. Айта кету керек, өңірімізде жалпы алаяқтық қылмысы 335-тен 297-ге төмендеп, 15,9 пайызды құрайды. Ал, қылмыстың барлық түрлерінің құрылымында алаяқтық дерегінің үлесі 20,5 пайызға тең, – деді Шохан Берікұлы.
Сондай-ақ, спикер ақпараттық жүйені пайдаланып, алдап-арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған жері – сауда-саттық маңы екенін баса айтты. Ол өз сөзінде сұранысқа ие әлеуметтік желілерде адал-арам ниетті жандарды ажырату қиынға соғатынын атап өтті. Жиын соңында тәртіп сақшысы өңір тұрғындарын ұялы телефондағы түрлі спам хабарламаларға сенбеуге шақырып, бұл қадам интернет-алаяқтықты болдырмауға мол әсерін тигізетінін жеткізді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




