
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстан тарапынан Қордың Басқарушылар кеңесінің өкілі болды
Түркі инвестициялық қоры – түркі әлемі экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты. Қордың бастапқы капиталы $500 млн-ды құрайды. Оны құрудың басты мақсаты – Түркі елдері арасындағы экономикалық және коммерциялық қатынастардың дамуын қамтамасыз ету. Түркия Қаржы министрлігінің бағалауы бойынша 2024 жылдың соңына қарай түркі мемлекеттері әлемдік экономикада маңызды орын алады. Яғни, экономика көлемі $1,9 трлн-ға және халық саны 178 млн адамға жетеді деп күтілуде.
Нұрлан Байбазаров Қазақстан үшін түркі интеграциясын дамытудың айрықша маңызды екенін атап өтті:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қор қызметінің басталуын толығымен қолдайды. Аталған Қор қатысушы елдердің экономикалық өсуі мен дамуының катализаторы болатынына және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге әрі бірлескен жобаларды іске асыруда тиімді өзара әрекеттестікке ықпал ететініне сенімдімін», — деді ол.
Қор қызметі барысында инфрақұрылымды, жаңартылатын энергия көздерін, ауыл шаруашылығын, туризмді, IT және басқа да. бағыттарды қамтитын түрлі секторлардағы бірлескен жобаларды қолдауға басты назар аударылады.
Еске сала кетейік, Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге 2023 жылдың 16 наурызында Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті аясында қол қойылған болатын. Құрылтайшы елдер қатарында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия бар.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Қордайда «Достық үйін» салуды тапсырды
- 26 сәуір, 2025
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді