Округ әкімі Жардис Исмаилұлының айтуынша, көп ұзамай ауыл тұрғындары көгілдір отынның шапағатын біркісідей көретін болады. Сондай-ақ 8 шаруа қожалығы бар округке биыл жаңа ветеринариялық пункт салу жоспарланған. Мұнымен қоса ауылдық округтің басты көшесінің біріне толық асфальт жабындысы төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек.
Алақандай ауылда өткен жылдың еншісіндегі атқарылған жұмыстар тізбегі аз емес. Мәселен, қос ауылды жалғаған көлік құралына арналған көпірге 15 миллион теңге қаржы қаралып, қайта жөндеу көрді. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 50 балаға шақталған бөбекжай ашуға әкімдік тарапынан қолдау көрсетліген.
Айта кетейік, өткен жылы Рамазан айының бірінші күнінде Қасқабұлақ ауылында жаңа мешіт ашылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі биыл қалай өтеді?
- 23 сәуір, 2026
Жаңажолдың жастары енді өз ауылында жаттығады
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




