Үздік мұғалімдерге «көшбасшы-басқарушы» біліктілігі беріледі
- author «Ақ жол»
- 20 мамыр, 2024
- 857
Биыл жаңа көшбасшы-басқарушы болуға 13 796 адам өтініш берген. Оның ішінде 4 950 педагог іріктеуден өтті.
«Бүгінгі таңда тестілеуден сәтті өткен 567 педагог оқыту курсын жалғастыруда (24 - мектепке дейінгі білім беру, 496 - орта білім, 47 - ТжКБ). Биыл үміткерлер білім берудің үш деңгейі - мектепке дейінгі, орта білім және техникалық, кәсіптік білім беру бойынша оқиды»,- дейді орта білім комитетінің басқарма басшысы Айман Дүйсембаева.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісінде білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізуде. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар республикалық кадр резервіне бір жылға қосылады, содан кейін олар алған білімдерін еліміздің білім беру мекемелерін басқаруда қолдана алады.
Білім берудегі өзгерістің көшбасшыларын іріктеу бес кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде үміткерлер өз құзыреттілігін бағалау үшін тестілеуден өтеді, екінші кезеңде оқуға жіберіледі, үшінші кезеңде еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өтеді, төртінші кезеңде қорытынды бағалау рәсімі жүргізіледі және бесінші кезеңде министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Нәтижесінде басшылардың республикалық кадрлық резерві құрылады.
Оқудан, тағылымдамадан және әңгімелесуден өткен үміткерлерге сертификат беріледі, соның негізінде одан әрі жұмысқа орналасу үшін олар кадр резервіне енгізіледі. Резервтегілер бірінші басшының бос лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады. Атап өтейік, барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі. Бұл жобаны жүзеге асыру «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептерді даярланған басшылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге, ең бастысы, жаңа үлгідегі көшбасшылардың кадрлық резервін, білім берудегі өзгерістің көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ауыл мен қала мектептері арасында алшақтық болмау керек
- 21 қаңтар, 2025
Кәсіптік білімнің мазмұнын жаңартып, сапасын арттыру маңызды
- 21 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді