Альбомыма алғы сөз
Бұл альбом толған менің суреттерім,
Бір беттерін жыртпағын, кірлетпегін.
Мұндағы суретімнің көбі нашар,
Сонда да көңіл үшін құрметтегін!
Менің сұлу, сымбатты мүсінім... көр!
Ал мұнда сәтсіз шыққан түсірулер.
Қисық аяқ, безеу бет – мұның бәрі
Фотоаппараттың кінәсі, түсініңдер! Бірде арық түсіппін, бірде толық,
Бірде күліп түсіппін, бірде тоңып.
Шаш ұйысқан, бірінде ауыз ашық,
Ұяламын өзім де күнде көріп.
Мен өзімді тұрғам жоқ текке бұлдап,
Жақсы деп мойындай сал еппен ымдап.
Шынайы болмысымды баяндайтын
Көп суретті сендейлер кеткен ұрлап.
Альбом саған ашылды айқаралы,
Түсінген жан ішінен ой табады.
Мені қалай сыйларың бұл жинақты
Қалайша көрегеніңнен байқалады!
Асхат Қылышбек
Асхат ҚылышбекҰқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




