Туған жер
Асқар тау, өр шыңдарым көкке өрлеген,
Сен менің арманыма от берген ең,
Шалықтап содан бері мен де сендей,
Талай жауын-дауылды өткерген ем. Шалқар көл, асау ағын өзендерім,
Өзінсің жан дүниемді сезер менің.
Сендегі тереңдікке бойлаған соң,
Бетпақтың даласындай кезермедім.
Орманым, жазық далам, қыраттарым,
Шөлімді де қандырған бұлақтарым.
Туған жер топырағынан нәр әлған соң,
Келмейді мен өзіңнен жырақтағым!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





