Жаңалықтар
Биыл Жамбыл ауданында 11 инвестициялық жоба іске асады
- author «Ақ жол»
- 26 сәуір, 2024
- 1.0k
Биыл Жамбыл ауданында 11 инвестициялық жоба іске асады
Бұл туралы бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Аудан басшысының айтуынша, жалпы құны 39,7 миллиард теңгені құрайтын 11 жоба жүзеге асса, 312 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыс орнымен қамту жоспарланған.
«Биыл Бірлесу – Еңбек ауылында «Кнауф ГипсТараз» ЖШС-гі гипс қоспасын тереңдетіп өңдеу зауытын соғу жоспарлап отыр. Жоба құны - 14,5 миллиард теңгені құрайды. Ал Бектөбе ауылында «Алель Агро» ЖШС-гі құс етін өңдеу зауытын құрса, Ақбұлым ауылында «Азия ботлерс» ЖШС-і алкоголь және алкогольсіз өнімдер өндіру цехын іске қоспақшы. Дәл осындай жалпы саны 11 кәсіпкерлік нысан Айша бибі, Гродеково, Тастөбе, Еңбек және Өрнек ауылдарында да ашылады, - дейді аудан басшысы.
Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар - наурыз айындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,2 миллиард теңгені құраған.
Ұқсас жаңалықтар
Қаратауда қауыз жарған, Мәңгілікке аңыз болған – қызғалдақ
- 28 сәуір, 2026
Ақ пейілмен қолға алынған іс берекелі болады
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




