Таразда бір мезетте тал еккен 100 әже елді тәнті етті
Бүгін Тараз қаласында кимешек киген жүз ақжаулықты әже Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі аумағына тал егіп, жергілікті тұрғындарды тәнті етті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz «Таза Қазақстан» акциясы аясында алды тоқсан жасқа таяған ақжаулықты әжелер немерелерімен бірге «Әуендер әлемі» аллеясына жүзден аса түп шынар ағашын отырғызды. Айта кетейік, биыл облыс орталығанда 40 мың түп тал егу жоспарланған. Оның ішінде «Жеңіс», Қ.Рысқұлбеков саябақтары, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйі саябағы, Әуежай сквері, Арбат 1, Теміржол бекеті, Саңырақ батыр скверлеріне наурыз-мамыр айларында 4 100 дана әртүрлі ағаш отырғызылады. Сонымен қатар №15 «Ұлы дала» ықшамауданындағы саябаққа 3500, «Тектұрмас» аумағына 1 000 және «Жасыл белдеу» жобасы шеңберінде шаһардың шеткі алқаптарына 20 000 түп көшет егілмек. Бұдан бөлек биыл қала аумағында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызу көзделуде екен. Оның 5000 шаршы метрі сәуір айында егілсе, бұған қосымша 627 шаршы метр қазандыққа гүл отырғызылады.
Сондай-ақ көпжылдық гүлдермен қоса Абай, Төле би, Ниетқалиев, Сейфуллин көшелері мен үлкен көшелердің қиылыстары және Жамбыл даңғылы 15 мың тал әсем раушан гүлімен көмкеріледі. Жалпы ағымдағы жылы облыс орталығында 1 миллионға жуық гүл егіледі деп күтілуде
Ұқсас жаңалықтар
Сот жүйесінде татуласу тәртібі қалай реттеледі?
- 14 қаңтар, 2025
Тойымыз түзеліп, асымыз астамшылықтан ада болса...
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді