«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Ақ жолға» жазылу жалғасуда

«Ақ   жолға»  жазылу  жалғасуда
ашық дереккөз
«Ақ жолға» жазылу жалғасуда

Өткен жылы елімізде, облысымызда қыруар тірліктер атқарылды. Ауыз толтырып айтарлықтай жағымды жаңалықтар да көп болды. Бұл жөнінде журналистеріміз мәселе көтеріп, жалпы жұртшылық ойынан шығатын, биліктің қаперіне алатын мақалалар жазса, оқырман-авторлар қозғаған жайттар да «Ақ жол» газетінің бетінде көптеп жарық көрді. Биыл да еліміз үшін Атқарылар маңызды шаруалар мол. Ал тілшілерге жазатын тақырыптар жетерлік. Қуантарлық жай – облыстық «Ақ жол» газетіне биыл 22 990 оқырман жазылды. Бұл – шынында да, газет редакциясы үшін де, көпшілік қауым үшін де қуаныш. Төл басылымынан қол үзбеген оқырмандарымызға айтар алғысымыз шексіз. Ендігі мәселе, біз «Ақ жол» газетіне әлі де жазылып үлгермеген оқырмандарымызды бұл басылымға жазылуға қандай мүмкіндіктің барын хабардар ету мақсатымен «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Болысбек ПІРӘЛІ мырзаны сөзге тарқан едік.

– Биыл былтырғыға қарағанда «Ақ жол» газетіне облыс оқырмандары көптеп жазылды. Оған сіздермен бірге біз де қуандық. Айтары көп газеттің оқырманы да көп екенін осы көрсеткіштен-ақ аңғару қиын емес. «Ақ жол» газетіне «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының барлық қалалық, ауылдық пошта байланыс бөлімшелерінде кез-келген уақытта жазылуға болады. Мәселен, әр айдың 28-іне дейін келесі айға жазылым қабылданады. Нақтылап айтсақ, сіз егер 28 қаңтарға дейін жазылсаңыз, ақпан айының басында газет қолыңызға тиеді. – Жеке тұлғалар үшін жазылым бағасы қалай? – Қаладағы оқырман бір айға – 314,03, үш айға – 942,09, алты айға – 1884, 18 теңгеге, ал ауылдағы оқырман бір айға – 352,25, үш айға – 1056,75, алты айға 2113,5 теңгеге жазыла алады.

– Заңды тұлғаларға арналған бағаларды да айтып өтсеңіз.

– Мекемелер бір айға – 355,69, үш айға – 1067,07, алты айға 2134, 14 теңгеге жазылады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Лесбек Сайлаубек, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар