Жарқын болашақ жайлы ортадан басталады
Бала – бақыт, бала – байлық, бала – ата-ананың айнымас көшірмесі. Жүсіпбек Аймауытовтың «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге» деген өзекті ойы бала тәрбиесінің ұлт болашағы үшін маңызын айқындайтындай. Ұлтымыздың ертеңі үшін жүгі ауыр салада еңбек етіп жүрген «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Нарғозы Данаев атындағы №51 орта мектебінде қалалық білім бөлімімен бірлесіп «Қауіпсіз орта – бақытты балалық шақ» атты семинар- тренинг өткізді.
Мазмұнды іс-шараны «Сенімен болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры, бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Орайұлы ашып, қауіпсіз ортаның бала үшін де, ата-ана үшін де маңызы жайлы айқындап айтып, оның өту барысы мен мақсат-міндеттерін түсіндірді. Саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, әр әке мен ана өз баласын түсіне білетіндей қабілетті болу керектігі жайлы баса айтты. Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Алуа Уәлиханқызы семинар барысы жайлы сөз алып, педагог-психолог мамандарға бағдарлама бойынша кезек берді.
Іс-шараға әр мектеп оқушыларының амбудсмендері және ДҚТІЖ орынбасарлары қатысты. Семинарды облыстың білікті педагог-психологтары «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы», «Бос уақытты тиімді ұйымдастыру», «Қоғамдық орындардағы жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыптары бойынша түрлі ақпараттар беріп, «Өрмекші торы» жаттығуымен сергіту сәті жасалды.
Семинар-тренингтің келесі кезеңі 15 сәуірге белгіленген. Ол оқушылар арасындағы буллинг, шомылу орындарындағы қауіпсіздік шаралары және өзге де тақырыптар аясында болмақ.
Жобаның басты мақсаты – оқушылар семинар барысында үйренген әдіс- тәсілдерді өз қатарластарына үйретіп, қауіпсіз ортаның сауатты құрылуына үлес қосу. Талқылау, ой бөлісу арқылы балалар үшін қауіпсіз орта құрып, бақытты балалық шақ ұйымдастыру.
Жиын соңынан «Қауіпсіздік шаралары» тақырыбында жадынамалар таратылды. Оқушылар семинардан ерекше әсерленіп, көңілді, жігерлі тарасты. Аталмыш іс- шараны қалалық білім бөлімінің әдіскері Алуа Уәлиханқызы: «Мектеп жасындағы балалардың арасында болатын түрлі проблемалардың дұрыс шешудің жолы, ол – балалармен тең дәрежеде сөйлесу. Әр мектептің белсенді оқушысын жүйелі психологиялық әдіспен қызықтыра алсаңыздар, нәтижелі жұмыс болады», – деді. Директорлардың құқық ісі жөніндегі орынбасарларына өз мектептерінде осындай семинар-тренинг өткізуге жағдай жасауды тапсырып, жиынды қорытындылады.
Ақерке ЖАҚЫПБАЙ,
«Сенімен болшақ» РҚБ менеджері.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа мектеп пайдалануға берілді
- Бүгін, 00:07
Франция сапары: стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі
- 6 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді