Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев еліміздің бірқатар блогерлерін қабылдады. Жарқын жүздесу барысында өңір басшысы облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуы бағытындағы атқарылған жарқын істер мен алда тұрған ауқымды міндеттер жайын сөз етті. Блогерлер Кәрім Нәсбекұлына өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдар қойып, оған тұшымды жауап алды.
«Білгіміз келген сауалдардың барлығына толықтай жауап алдық. Оның ең маңыздысы Қазақ хандығының 550 жылдығы, яғни, ұлан-асыр тойдың шаруасы болды. Кәрім Нәсбекұлы барлық жоспарларымен бөлісті. Қаланың даму картасын да көрдік. Алла қаласа расымен де өңірде біраз іс атқарылғалы тұр екен. Сонымен қатар облыс басшысы жуырда ғана Қытайға барып келгені жайлы да айтты. Бұл бойынша да алда үлкен істер атқарылмақ. Тараз – көшелері таза қала. Жарнамалардың көп бөлігі өзіміздің ана тілімізде. Тараз – Қазақстан бойынша нан бағасы ең арзан қала (40-45 теңге). Мұның барлығын алдағы уақытта жеке блогымда кеңінен, талдап жазамын» дейді белгілі блогер Өркен Кенжебек.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




