«Басжақсы» деген қай жақсы?
Қазақ халқы әрбір сөзге мән берген. Сондықтан көне атауларда ерекше бір үйлесім бар. Мәселен, сәукелеге тағатын әшекейлердің жиынтығын «Басжақсы» деп атаған. Сәукеленің әшекейлері өте көп болған. Оны табу, дайындау да қымбатқа түсіпті. Осыған байланысты ертеде күйеу жағы қалың малдан бөлек, сәукеленің құнын да төлеген. Осы төлемді халық арасында «Басжақсы» деп атаған. Мәселен, дәстүрді терең білген ағартушы Ыбырай Алтынсарин «Басжақсыны қалыңдығының сәукелесіне арнап, күйеу беруге тиіс. Бай, дәулетті адам басжақсыға 500-600 сом, орташа дәулетті адам 200-250 сом көлемінде береді. Мұндай кәде ақшалай төленеді», – деп айтыпты.
Ал, этнограф, ғалым Халел Арғынбаев «Басжақсы әсіресе, кіші жүз руларының арасында жақсы беріліп келген. Адай, таз, табын, Шекті руларында 150 қой немесе 8 түйеге дейін барған» – дейді.
Ол кезеңде халқымыз қалың мал мәселесіне ерекше мән берген. Соған лайық қыз беруші жақтың да міндеті аз болмаған. Басжақсы туралы «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясының 1-томында кеңінен айтылған.
Сұлтан НҰРТАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




