Үлгілі отбасының өнегесі дәріптелді
Бүгін, 17 наурыз Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні. Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет аға капитаны Әмина Масатбай Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында әріптесі, режим бөлімшесінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы әділет сержанты Асыл Оразбаевтың шаңырағына барып қайтты.
Жылы жүздесуде «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар дәріптелетін шақ екені баса айтылып, тату-тәтті жанұяның бірлігі мен берекесі көпке үлгі екені жеткізілді.
Атап өтейік, Асыл Қанатұлы 5 ұл-қыздың әкесі. Бүгінгі таңда сүйген жарының алтыншы перзентке аяғы ауыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




