«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» қызметті elicense.kz порталы арқылы тапсыруға болады
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 883 бұйрығымен бекітілген.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) өтініш; 2) әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп; 3) орындалған жұмыс туралы ақпарат; 4) билеттерді сату жөніндегі есеп; 5) жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп; 6) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп; 7) тасымалдаушылар ауданаралық немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар; 8) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен алынған құжат; 9) диспетчерлік қызметтің қалалық маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты. Осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмеде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық (elicense.kz) нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Сергей ДОБРЫНИН,
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді