Амал мерекесі аталып өтті
Наурыз – татулық пен бірліктің, ынтымақтың мерекесі. Наурыздың амал мерекесіне арналған негізгі іс-шарасы Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде өтті. Жиналған көпшілікті Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев құттықтады.
Мерекеге орай, фойеде қолөнер шеберлерінің туындылары қойылыпты. Өңірімізге белгілі шеберлердің Наурыз мерекесіне, амал мерекесіне арналған еңбектері ерекше әсерлі. Әр туындыдан ұлттық бояу, наурыз нақыштары аңғарылып тұр. Атап айтқанда, Аяна Болысбайдың «Тұсаукесер», Темірлан Русланұлының «Наурыз» суреттері көңілден шықты. Сонымен қатар, Абай атындағы Тараз қалалық кітапханалар жүйесі амал мерекесіне кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ халқының салт-дәстүр, тұрмыс-салтын насихаттауға арналған кітаптар қойылды. Оны көпшілікке кітапханашы Қарашаш Ақылбекова таныстырды.
Амал мерекесіне арналған іс-шара М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дулати халықтық студент жастар театрының» театрландырылған қойылымымен басталды. Студент жастардың әр бейнені ерекше құлшыныспен сомдағаны көңіл қуантты. Олар Самарқанның көк тасы еріген күнді өз рөлдерімен керемет айшықтады. Қыз бен жігіт айтысы да көпшілік көңілінен шықты.
Көпшілікке ардақты ақсақал, Тараз қаласының тұрғыны Сауранбек Жамалбеков көпшілікке бата берді.
Іс-шара соңы тараздық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты .
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




