Өнегелі отбасы – ел тірегі
Әз Наурыз мерекесі аясындағы «Шаңырақ» күніне орай Тараз қаласындағы «Анаға тазым» отбасын қолдау орталығында «Өнегелі отбасы – ел тірегі» атты іс-шара өтті. Отбасылық құндылықтарды дәріптеген, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі жанұялардың өмірін, жарасымдылығын, тату-тәтті ғұмырын жастарға үлгі етуді мақсат тұтқан шараға жарты ғасырлық «алтын тойға» жеткен белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов пен жұбайы Күлбағира Жақсыбаева, бір шаңырақ астында 42 жыл ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақстанның Құрметті журналисі Бекет Момынқұл мен жары Айгүл Сәрсенбайқызы және 25 жылдық «күміс тойдың» иелері К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары, әнші, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров мен аяулы жары Лаура Сейіталиева арнайы шақырылды.
Тағылымға толы кездесу барысында қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар шара барысында таяуда шаңырақ көтеріп, отбасын құрып жатқан жастардың неке қию рәсімі орындалды. АХАТ бөлімінің маманы Жансая Дүйсекова Нигметовтер отбасына неке куәлігін табыстаса, екі жасқа Сауранбек Жамалбеков бата берді.
Сонымен қатар Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай пен «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығығының директоры Эльмира Мырза-Ғали жылы лебіздерін арнап, қонаққа шақырылған отбасыларды марапаттады.
Кеш соңы «Анаға тағзым» орталығының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




