Жер саласының қызметтері электронды көрсетілуде
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аталған ауқымдағы қызметтердің сапалы көрсетілуі тұрғындардың атқарушы органдарға деген сенімінің нығая түсуіне жол ашады. Мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы «Бір терезе» қағидасы бойынша және «Е-лицензия», «ИИС-ЦОН» жүйесі арқылы, «E-Jambyl» порталы арқылы көрсетіледі.
Жер қатынастары саласында қазіргі уақытта келесідей қызметтер көрсетіледі:
- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
- Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау.
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру.
- Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру.
- Жер учаскесін алуға кезекке қою.
- Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру.
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
- Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу.
Ермек КАРЕНТАЕВ,
Ұқсас жаңалықтар
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Дәрігерлерге қамқорлық артады
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді