Таразда «Көрісу күні» мерекесі аталып өтті
Бүгін 14-наурыз «Амал» мерекесі қарсаңында Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде «Көрісу күні» атты іс-шара өтті. Әз Наурыздың бастауына арналған мәдени іс-шараны Тараз қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.
Мәдениет үйінің сахнасында Дулати халықтық студенттік - жастар театрының әртістері «Көрісу» күніне арналған театрландырылған қойылым қойды. Одан кейін "Томирис би" тобы мың бұралған биімен жиналған көрерменді тамсандырды. Сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков ақ батасын берді.
Концерттік бағдарламадан бөлек, келушілер залында әр түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Мәселен, Абай атындағы кітапхана "Нұр тарайды Наурыздан" атты кітап көрмесін ұсынды. Онда түрлі қазақстандық авторлардың кітаптары мен салт-дәстүрлер, қазақ халқының ұлттық киімдері туралы жинақтар көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




