Жас қызметкерлерге кезекті арнайы атағы табыс етілді
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Бағдат Байтуреев кіші басшы құрамның бірқатар жас қызметкеріне кезекті арнайы атағын табыс етті. Бұл күні «Әділет аға сержанты» арнайы атағы №26 мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы, әділет сержанты Жансейт Сейдімхановқа, «Әділет сержанты» арнайы атағы әділет кіші сержанты Қуаныш Шілдебаевқа және «Әділет кіші сержанты» атағы әділет қатардағы Жайдар Асылхан мен Санат Аманжолға табысталды.
Шара барысында мекеме бастығы Б.Байтуреев ізбасарларын кезекті арнайы атақтарын алуымен құттықтай отырып, оларға қиын да қызығы мол жұмыста абыройлы болуға тілектестігін білдірді. Ол өз сөзінде жас қызметкерлер ҚАЖ саласының дамуына елеулі үлесін қосарын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




