Денсаулық
Таразда облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ашылды
- author «Ақ жол»
- 1 наурыз, 2024
- 1.1k
Таразда облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ашылды
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ашылды.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, ақын, ҚР Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, Жамбыл облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай мен оның орынбасарлары және бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
-Айта кететін жағдай, бұл - бүгінгі таңда Қазақстандағы өзге өңірлерге өнеге болатын алғашқы орталық. Өйткені еліміздің өзге өңірлерінде айтыс ақындары мен жыршы-термешілерге меншіктеп, айдарлап берген мұндай орталық жоқ. Сондықтан алдағы уақытта басқа өңірлерге Жамбыл облысының игі бастамасын алға тартып, әрі қарай өзге өңірлерде де жалғасын табуына үлес қосуға тырысамыз. Ал киелі Жамбыл өңірінде ашылып жатқан бұл орталықтың болашақта атқарар жұмысы қыруар екендігіне және нәтижелі болатындығына сеніміміз мол,- деді ҚР Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.
Сонымен бірге ақын, жыршы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Серік Құсанбаев, айтыскер ҚР Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Халиолла жамбылдық айтыскерлердің сөз барымтасында көш бастап тұрғандығы туралы оң пікірлерін ортаға салды.
Ел игілігіне берілген бұл орталықтың бірінші қабатында Жыршы-термешілер бөлмесі мен жас айтыскерлер клубы орналасса, екінші қабатта қызметкерлер бөлмесі мен мәжіліс залы бар. Алдағы уақытта мұнда аудио жазба студиясын ашу жоспарлануда.
Мемлекеттік мекеме өңіріміздегі айтыс өнерін, ақын-жазушылардың еңбектерін зерттеп, рухани өнерді дамыту мақсатында құрылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




