Облыс әкімдігінің қолдауымен азық-түлік тиелген автокеруен аудандарға аттанбақ. «Керуен-2015» аталатын бұл жәрмеңкеге мұрындық болып отырған – облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорына қарасты «ТЗК «Тараз» ЖШС-ы. Облыстың он ауданын түгел қамтитын бұл керуеннің алғашқы легі осы сенбіде Меркіге табан тіремек. Оны облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов пен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Шамсат Исабеков бастап барады деп жоспарлануда. Жалпы, бұл игілікті шараның басты мақсаты – облыс жұртшылығын ел Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және оның бағасын тұрақтандыруда нарыққа барынша ықпал жасау.
Бастысы, бұл жәрмеңкеде сатылатын өнімдер базар бағасынан анағұрлым арзан болмақ. Сондықтан, ауылыңызға барған керуеннің базарлығынан құр қалмаңыз, ағайын! Ол төмендегі тізім бойынша өткізілетін болады:
Меркі – 17 қаңтар, Қордай – 18 қаңтар, Мойынқұм – 24 қаңтар, Шу – 25 қаңтар, Т.Рысқұлов – 31 қаңтар, Байзақ – 1 ақпан, Жамбыл – 7 ақпан, Жуалы – 8 ақпан, Талас – 14 ақпан, Сарысу – 15 ақпан.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




