Ұлы сезім
Ынтымақ, бірлік, келісім, Ең басты байлық ел үшін. Сезініп келе жатырмыз, Жасампаздық жемісін.
Қазақстаным – құт мекен, Ісіміз әркез нық, бекем. Терең тартқан достыққа, Жуымайды жұт бөтен.
Нұр-шуағы төгілген, Айналамын елімнен. Бірге қадам басамыз, Болашаққа сеніммен.
Бірлік-бақыт ол нағыз, Бағалайтын жолдамыз. Шұғылалы шаңырақ, Біздің құтты ордамыз.
Тасқынымен тілектің, Кең далама гүл ектім. Ұлы достық сезімі, Түкпірінде жүректің.
Жасай берсін еліміз, Жайнай берсін жеріміз. Бақ орнаған мекен бұл, Бақыттымыз тегі біз!
Юлдузхон Османова, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




