Құқық
Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізетін арнаның жолы кесілді
- author «Ақ жол»
- 26 ақпан, 2024
- 1.2k
Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізетін арнаның жолы кесілді
Полиция қызметкерлері кешенді жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізу арнасын жолға қойған тұрақты қылмыстық топқа тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі. Жедел-тергеу топтары арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп, құрықтау операциясын бір уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысында іске асырды. Ұйымдастырушы және марихуана мен гашишті заңсыз өткізуге қатысы бар 11 адам анықталды. Олардың қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.
– Тінту барысында целлофан пакеттерге салынған 40 кг марихуана мен 15 кг гашиш және күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы бар екенін растайтын ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




