«Қақпа алдында кездесу»
Жасыратыны жоқ, біздің қоғам темір тордың арғы жағында жазасын өтеп келген азаматтарды бірден қабылдай қоймайды. Оның үстіне, әлеуметтік қабілетінен айырылған сотты болған азаматтар қайта қылмыс жасауға бейім келеді. Осы орайда, оларды әлеуметтендірудің маңызы зор. Бұл ретте мемлекет тарапынан «Қақпа алдында кездесу» жобасы іске қосылған. Аталған жоба аясында облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен 13 азамат еркіндікке жолдама алды. Атап айтқанда, жазасын өтеп шыққандардың 2-уі қазақстандық, 10-ы Пәкістан және 1-уі азамат Қырғыз елінің азаматы.
Әлеуметтік іс-шара барысында бостандыққа шыққан жазасын өтеушілерге өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріліп, қайта қылмысқа бармау қажеттігі қатаң ескертілді.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




