Түзеу мекемесінде семинар өтті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде бірқатар құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. Басқосуда мекемедегі жазасын өтеушілер бостандыққа шыққан сәтте оларды жұмыспен қамту, кәсіби даярлық, ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастыру мен шағын несие беру жөнінде дәріс оқылып, сұхбат жүргізілді. Жиын барысында өңірлік полиция департаментіне қарасты жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны А.Көшкінбай, облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты пробация қызметінің басшылық бөлімінің бастағы, әділет подполковнигі Ғ.Абдразақов және мансап орталығының қызметкерлері М.Амреев пен Е.Байузаков сотты болғандарға мол мәлімет берді. Өз кезегінде жазасын өтеушілер көкейлеріндегі сұрақтарыни қойып, тұщымды жауаптар алды.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




